+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Липецкіде Қазақстан тумасы Ғаламтор арқылы баласын пәтерге ауыстырмақ болды

2016 жылғы 5 маусым 13:59
Бөлісіңіз:
Липецкіде Қазақстан тумасы Ғаламтор арқылы баласын пәтерге ауыстырмақ болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Липецк қаласында үш жасар ұл баланың сатылуы туралы істі тергеу амалдары аяқталды. Қылмысқа Қазақстан тумасы болып табылатын баланың әкесі айыпталып отыр.

Ер адам Ғаламторда жариялап, кейін, сатып алушымен сөйлесіп, ұлын 1,5 миллион рубльге сататынын айтты, деп жазады RG.

Алайда келісім құқық қорғау органдарының бақылауымен жүргізіліп, пысық ер адам ұсталды. Оның қолында баланың туған анасының қайтыс болуы туралы куәлік болған, алайда кейіннен бұл құжаттың жалған екені, ал әйелдің Қазақстанда жүргені анықталды.

«Баласының сатылу-сатып алыну ісін жеңілдету үшін айыпталушы азаматтық некедегі әйелімен бірге жалған құжаттар жасатты. Сұрау кезінде айыпталушы ізгі ниетте әрекет еткенін айытты - ол туған анасы тастап кетіп, Қазақстанға кетіп қалғандықтан, баласын жақсы отбасына бергісі келген. Сатудан түскен ақшаға тұрғын жағдайын жақсартуды жоспарлаған екен», - деп баяндады Ресейдің Липецк облысы бойынша ТК ТБ-нің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Роман Бочаров.

Аймақ бойынша ТК-дан айыпталушының өз кінәсін толық мойындағанын қосып өтті. Енді іс сотқа жіберілді. Алайда ер адамның жалған құжаттарды дайындауға қатысқан азаматтық некедегі әйелі сотталмайды. Оған қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды: әйел жасаған ісіне өкініш білдірді, оған қоса, оның кішкентай баласы бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT