Лионель Месси Оңтүстік Американың үздік ойыншысы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Аргентина мен «ПСЖ» клубының шабуылшысы Лионель Месси 2022 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Американың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сhampionat.com сайтынан мәлім еткеніндей, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) Оңтүстік Американың өткен жылғы үздік ойыншыларын анықтаған.

Көш басында Л.Месси тұр.

Сонымен, үздіктердің толық құрамы мынадай.

Қақпашы: Эмилиано Мартинес (Аргентина, «Астон Вилла»);

Қорғаушылар: Николас Отаменди (Аргентина, «Бенфика»), Тьяго Силва (Бразилия, «Челси»), Кристиан Ромеро (Аргентина, «Тоттенхэм»);

Жартылай қорғаушылар: Родриго Де Пауль (Аргентина, «Атлетико»), Каземиро (Бразилия, «Реал»/«Манчестер Юнайтед»), Энцо Фернандес (Аргентина, «Ривер Плейт»/«Бенфика»), Винисиус Жуниор (Бразилия, «Реал»);

Шабуылшылар: Неймар (Бразилия, «ПСЖ»), Хулиан Альварес (Аргентина, «Ривер Плейт»/«Манчестер Сити»), Лионель Месси (Аргентина, «ПСЖ»).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гарри Кейннің «Тоттенхэм» тарихында ең мерген ойыншы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Криштиану Роналду Сауд Арабиясының футболына қандай өзгеріс әкелді.

Фото – Сhampionat.com


Соңғы жаңалықтар