Лионель Месси Қатардағы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Аргентина капитаны Лионель Месси Қатарда өткен әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Месси өз спорттық жолында екінші рет әлем біріншілігінің үздік ойыншысы атанып отыр. Бұдан бұрын 2014 жылғы чемпионатта да ол үздік ойыншы болған еді.

Қатарда өткен чемпионат қорытындысында аргентиналықтар Эмилиано Мартинес – үздік қақпашы, 22 жастағы Энцо Фернандес – үздік жас ойыншы, франциялық Килиан Мбаппе үздік сұрмерген атанды.

Л.Месси сонымен қатар Аргентина – Франция финалдық матчының да үздігі болды.

Осы ойында екі гол соққан Месси алғаш рет әлем чемпионы атағына ие болды.

Бұл «ПСЖ» (Франция) клубының шабуылшысы үшін бесінші әлем біріншілігі еді. 2014 жылы дүниежүзілік доданың финалында Аргентина Германияға 0:1 есебімен жол беріп, Месси жеңімпаз атана алмаған еді.

Лионель Месси – «Алтын доптың» жеті дүркін иегері. Оған жетпейтіні әлем чемпионы атағы еді. Қатарда соған да қол жеткізді.

Аргентина құрамасы 36 жылдан соң әлем чемпионы атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Хорватия құрамасы қақпашысының соққыны қайтару жөнінен үздік атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Месси әлем чемпионаттарының рекордын орнатты.

Месси әлем чемпионатында гол салу жөнінен Пелені қуып жетті.

Пенальти сериясында Францияны жеңген Аргентина үшінші рет әлем чемпионы атанды.

Чемпионат сұрмергені Килиан Мбаппе гол саны жөнінен Пеле және Мессимен теңесті.


Фото: ДМИТРИЙ ГОЛУБОВИЧ, «ЧЕМПИОНАТ»
Подробнее на «Чемпионате»: https://www.championat.com/football/article-4931197-argentina-franciya-pryamaya-onlajn-translyaciya-chm-2022-gde-smotret-onlajn-final-chempionata-mira-18-dekabrya-2022-goda.html?utm_source=copypaste
Соңғы жаңалықтар