Linkin Park рок-тобының солисі өз-өзіне қол салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Linkin Park америкалық рок-тобының солисі Честер Беннингтон өз-өзіне қол салды. Бұл туралы TMZ   хабарлады.

Полицейлердің мәліметінше, әнші 20 шілде күні Калифорния штатының Лос-Анджелес округіндегі өз үйінде асылған күйі табылған.

Честер Беннингтон екі рет үйленген, артында алты баласы қалды.

Ол есірткі мен ішімдік тәуелділігіне қарсы ұзақ жылдар бойы күресіп келген. Бұған дейін бала кезінде қатыгездікпен ұрып-соғылғанын айтып, өміріне қол салғысы келгенін мәлім еткен болатын.

Әнші 41 жаста болды. Ол мамыр айында асылып өлген гитарашы Крис Корнелломен жақын дос болған.

Linkin Park тобы - 1996 жылы Xero атауымен құрылды. 2000 жылдан бастап соңғы атауына ие болып, белгілі «Грэмми» сыйлығына алты рет ұсынылып, оның екеуінде жүлдені қанжығаларына байлады. 30 миллион данамен шыққан топтың Hybrid Theory атты алғашқы алюбомы оларға әлемдік танымалдылық алып келді. 

Соңғы жаңалықтар