LinkedIn әлеуметтік желісінің акциялары 40 пайызға төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - LinkedIn кәсіби әлеуметтік желісінің акциялары Нью-Йорк биржасында 40-тан астам пайызға құлап, компания капиталдандырудың 10 млрд. астам долларын жоғалтты. Компанияның бағалы қағаздарының құны соңғы үш жылда максималдық төмен деңгейге дейін түскен, деп хабарлайды РБК.

4 ақпанда LinkedIn төртінші тоқсандағы және өткен жыл бойынша қаржылық есебін жариялады. Тоқсандық табыс 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34 пайызға өсіп, 862 млн. долларды құрады, бүкіл 2015 жылдың қорытындылары бойынша компанияның табысы 35 пайызға, 2,9 млрд. долларға дейін өскен. Қаржылық жылдың соңында LinkedIn-нің таза шығыны 166 млн. долларды құраған, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 15,7 млн. доллар болды.

LinkedIn - 2002 жылы кәсіпқойлар үшін іске қосылған әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі. 2015 жылдың төртінші тоқсанында оның пайдаланушыларының саны 414 млн. адамға жеткен, делінген компанияның хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар