Линда Орлэди «Bek Air» ұшағы туралы: Мұндай ұшаққа отырмас ем

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның ұшу қауіпсіздігі бойынша бастығы Линда Орлэди Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтың кемшіліктерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс инспекторлары жүргізген тексеру жұмыстары туралы ақпарат алудың мүмкіндігі туып, биыл 20 қаңтарда бұқаралық ақпарат құралдарында «Bek Air» әуе компаниясының жұмысындағы кемшіліктер анықталғаны туралы баспасөз хабарламасы жарияланған болатын.

Бұл мәлімет жарияланған кезде фотосурет түріндегі ақпарат болмаған еді. Бүгін сіздерге апатқа ұшыраған ұшақта қандай кемшіліктер болғанын сурет түрінде көрсетеміз», - дейді Линда Орлэди «Bek Air» әуе компаниясының қызметін тексеру барысында анықталған кемшіліктерге қатысты сұрақтар бойынша өткен брифингте.

Ұшақтың радар орналасқан алдыңғы бөлігіне көп зақым келген.


• Екі қозғалтқыштың да сәйкестендіру кестесі жоқ.

• Жалғанатын құбыр туралы (пайдалануға жарамдылығы туралы) белгі қойылмаған, электр сымдары туралы мәліметтер жазылмаған және беті жабылмаған.


Жолаушыларды тасымалдайтын ұшақтарды пайдалану кезінде қозғалқыштарында сәйкестендіретін кесте жоқ.

Екі қозғалтқыштан да май аққан және фюзеляжда майдың іздері бар.

Қозғалтқыштардан май ғып тұр. Май ағу нормасы бойынша құжаты жоқ.

Пилоттар кабинасындағы сол жақта орналасқан қозғалмалы әйнек қатпарланып кеткен.

Жүк бөлігіндегі панельдік қосылыстарда өрттен қорғайтын таспалар жоқ және жағдайы нашар күйде.

Дөңгелектері желініп кеткен.

Фюзеляждың орта тұсының төменгі жағынан жанармай аққан.

Фюзеляждың орта тұсының төменгі жағынан жанармай аққан.

Ұшақтың жолаушылар отыратын салонының төбесінен май ағып тұр.

Борттағы жүк салу бөлігінің еден тақталарында тесіктер бар

Еден жабындысының шет жақтары дұрыс жабылмаған.

Сондай-ақ, Линда Орлэди ұшақтың кескіндемесі мен борттағы құжаттар сәйкес келмейтінін айтты.

«Мысалы, құжат бойынша жолсерік отыратын жерде 1 кресло деп көрсетілсе, іс жүзінде 2 кресло бар. Пилот ұшақтың жағдайы қалай екенін қолымен ұстап көріп, талапқа сай болғанша ұшпайтынын айтуына да болар еді. Тексеріп көру үшін арнайы көтерілетін құрылғы болады, сауалнама жүргізген кезімізде пилоттар ондай құрылғының бар екенін білмейтінін анықтадық. Өз басым мұндай ұшаққа ешқашан отырмас едім», - дейді ол.

Сонымен қатар, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры Питер Гриффитст қазіргі уақытта компанияға қатысты екі тексеру жүргізілуде екенін айтты.

Акционерлік қоғам жүргізіп жатқан тексеру жұмыстары 26 қаңтар күні аяқталады. Екінші тексеру жұмыстарын Қазақстанның көлік прокуратурасы жүзеге асырады.

Алматы әуежайы маңына құлаған «Bek Air» ұшағына қатысты мәліметтерді мына жерден білуге болады.






Соңғы жаңалықтар