Лидия Кәденова әже атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова әже атанды. Лидия Кәденованың жалғыз ұлы, актер Дидар Кәденге Айым есімді жары ұл сыйлады.

Бұл туралы Дидар  Кәден өзінің инстаграммдағы парақшасында хабарлады.

«Үшеу едік, төртеу болдық! Аллаға сансыз шүкір! Құттықтауларыңзға рахмет!» - деп жазды Дидар парақшасына.

Айта кетейік, Дидар Кәден актерлікпен қатар әншілік қырынан танылған талантты жас. Ол қазақстандық «Шлагбаум» атты фильмде басты рольдердің бірін сомдаған. Дидар мен Айымның 2015 жылдың  8 қараша үйленген болатын.

Үшеу едік, төртеу болдық! Аллаға сансыз шүкір!!! Құттықтауларыңызға раxмет!!! Сүйдім 😘

Фото опубликовано Didar (@didarkaden) Окт 18 2016 в 5:28 PDT

Соңғы жаңалықтар