Лицензияланбаған Microsoft бағдарламасын заңсыз сатып келген кәсіпкер сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда лицензияланбаған Microsoft бағдарламасын заңсыз сақтап, сатумен айналысқан кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам «MOON» сауда дүкенінен Microsoft контрафактілік бағдарламалық жабдықтамасын сатып алып, ары қарай қымбат бағаға сатумен айналысқан. Ер адам осылайша бұл өнімдердің заңды құқық иесі болып табылатын Microsoft корпорациясына айтарлықтай залал келтірді.

Алмалы аудандық соты кәсіпкерді ҚР ҚК 198-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыс жасағаны үшін айыпты деп таныды.

Алайда, сот үкіміне наразылық білдірген сотталушы апелляциялық шағым білдірген. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Айыпты ер адамға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.  Мұндай залалды бағдарламалық жабдықтаманы ұйымдар заңсыз жолмен табыс табу, деректерді ұрлау, электрондық бопсалау немесе басқа да қылмыстық әрекеттерді орындау мақсатында жасап шығаратынын атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар