+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

LG компаниясы телефон шығаруды тоқтатқанын ресми жариялады

2021 жылғы 5 сәуір 12:28
Бөлісіңіз:
LG компаниясы телефон шығаруды тоқтатқанын ресми жариялады

СЕУЛ. ҚазАқпарат – LG Electronics Inc. (LG) компаниясы өзінің ұялы байланыс бөлімшесінің жабылатыны туралы жариялады. Шешім бүгін директорлар кеңесінде қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

LG компаниясының қазіргі телефондары сатылымға бұрынғыдай шығарыла береді. LG аймаққа байланысты уақыт аралығында қолданыстағы мобильді өнімдердің клиенттеріне сервистік қолдау және бағдарламалық жасақтама жаңартуларын ұсынады. LG ұялы телефон бизнесін тоқтату кезінде жеткізушілермен және серіктестермен ынтымақтасады. Жұмыспен қамтуға қатысты мәліметтер жергілікті деңгейде анықталады.

LG өзінің мобильді тәжірибесін қолдануды және бизнестің басқа салаларында бәсекеге қабілеттілікті одан әрі арттыру үшін 6G сияқты ұтқырлыққа байланысты технологияларды дамытуды жалғастыра береді. LG мобильді бизнесінің жиырма жыл ішінде жасалған негізгі технологиялары да сақталып, қолданыстағы және алдағы өнімдерге де қолданылады.

Ұялы телефон бизнесін қысқарту 31 шілдеге дейін аяқталады деп күтілуде, дегенмен кейбір қолданыстағы модельдердің құрал-жабдықтары әлі де қолжетімді болуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT