Левитке есе жіберген Айбек: Финалдағы жеңіліс қамшылайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өткен бокстан Президент кубогы додасы ересектер қатарына енді өткен жас спортшыларға үлкен тәжірибе сыйлады, деп жазады olympic.kz.

Өйткені бұл турнирде жастар құрамасынан қанаттанған Талғат Шайкен, Дамир Тойбай, Айбек және Нұрбек Оралбайлар бақ сынады.

Ірі халықаралық турнирдің финалына дейін сүрінбей, Олимпиада жүлдегері Василий Левитке есе жіберген Айбек Оралбай жарыстан алған әсерімен бөлісті.

«Президент кубогына жақсы дайындықпен келдік. Ұлттық құрама сапында үзіліссіз жаттығу жасап, өз мықтылығымызды дәлелдеуге тырыстық. Осы аралықта бізді бақылауда ұстап, бағыт көрсеткен бапкерлерімізге рахмет. Ал турнирге келер болсам, үш кездесу өткізіп, финалда жеңіліп қалдым. Бірінші және екінші жекпе-жекте Өзбекстан мен Қытай спортшыларынан басым түскен едім. Ақтық айқаста Василий Левитке есе жібердім. Сөз жоқ, финалда маған тәжірибе жетпей қалды. Бұл жеңіліс менің алға басуыма серпін береді. Енді еке есе артық еңбектеніп, екі есе артық жаттығамын. Финалдағы жеңіліс алдағы мақсаттарыма жету үшін үлкен қамшы болары анық. Бұдан соң ірі жеңістер күтеді», - дейді Айбек.

Соңғы жаңалықтар