«Лестер Сити» иесінің тікұшағы апатқа ұшырады

None
None
ЛЕСТЕР. ҚазАқпарат - Cенбінің кешінде «Лестер Ситидің» иесі Вишай Шривадданапрабханың Британияға ұшып шыққан тікұшағы көп ұзамай апатқа ұшырады. ВВС мәліметінше, апат кезінде тай бизнесмені оның бортында болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Оқиға команданың Лестердегі стадионының жанында, «Вест Хэм Юнайтед» командасымен матчтан кейін орын алған. Өрт сөндірушілерге жалынды сөндіру үшін 20 минут қажет болды. 

Бангкок тумасы Шривадданапрабха«Лестер Сити» клубын 2010 жылдың жазында 39 млн. Фунтқа сатып алған, ал алты жыл бұрын аутсайдер команда күтпеген жерден ағылшын премьер-лигасының чемпионы болды.

Бұл «Лестердің» 132 жылдық тарихында ағылшын футболының жоғары лигасындағы алғашқы жеңісі еді. Букмекерлер клубтың маусым басында чемпионаттағы жеңісін 5000 ішінде 1 деп бағалаған.

Вишай Шривадданапрабха «Лестер Ситидің» өз алаңындағы барлық матчтарына қатысып, стадионға жеке тікұшағымен келіп жүрді. 

Бұл жолы тікұшақ стадион алаңынан ойыннан аяқталғаннан кейін жарты сағат өткен соң ұшқан. Куәгерлердің айтуынша, ол көп ұзамай жылдамдығынан айырылып, көлік тұрағының жанында құлап, өртене бастаған.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, «тікұшақтың артқы қалақшасы жұмыс істемегендіктен, ол айнала бастаған».  

Матчта жұмыс істеген фотограф Райан Браун оған тікұшақпен апат алдында не болғанын жақсы көрініп тұрды.

ВВС-ге берген сұхбатында ол: «Тікұшақтың қозғалтқышы тоқтап қалды, мен бұрылып қарадым. Ол (тікұшақ) шырылдаған дауыс шығарып, одан кейін тынышталып қалды. Қалақшалары айналып, одан кейін қатты жарылыс естідім», - деді.

Ол апат орнына жүгіріп барғанда, үлкен жалын көргенін айтты. Тікұшақ стадион жанындағы өнеркәсіп паркіне құлаған.

Апаттың себептері әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар