«Лесная поляна» тұрғын үй алабы Астана қаласына қосылмайды - әкімдік

None
None
АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - «Лесная поляна» тұрғын үй алабы Астана қаласына қосылмайды. Бұл туралы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов өзінің блогында мәлім етті.

Елорда әкімінің блогына: «Лесная поляна» тұрғын үй алабы қалаға қашан қосылады?», - деген Қосшы елдімекенінің тұрғынынан сауал түскен болатын.

«Астана қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы №1064 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 шілдедегі №884 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарына сәйкес, Астана қаласының әкімшілік шекараларын өзгерту қарастырылмаған. Ақмола облысының Қосшы ауылында орналасқан «Лесная поляна» тұрғын үй алабын Астана қаласына қосу көзделмеген», - деп атап өтті И.Тасмағамбетов өз жауабында.

Соңғы жаңалықтар