Леонид Прокопенко: Қазақстан қоғамды біріктірудің өзіндік интеграциялық әдісін таңдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан мен Германиядағы интеграциялық саясат. Салыстырмалы талдау» тақырыбында конференция басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсу мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Конференцияда сөз бастаған Қазақстандағы Конград Аденауэр атындағы қор өкілдігінің директоры Томас Хельм екі елдің интеграциялық саясаты туралы сөз қозғады. Өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко интеграциялық саясат тұрғысынан Қазақстанның өзіндік моделі барын атап өтті.

null «Біздің тақырыптың атауы - «Қазақстан мен Германиядағы интеграциялық саясат. Салыстырмалы талдау». Өздеріңіз білетіндей, әлемде интеграцияның әртүрлі модельдері бар. Көптеген елдерде этникалық топтардың құқықтық жағдайы ұлттық азшылық институты арқылы реттеліп отырады. Қазақстан дамудың өзіндік даңғыл жолын таңдап, полиэтникалық қоғамның интеграциялық әдісін дайындады. Бұл ретте шешуші рөлді екі негізгі фактор атқарды. Біріншісі - ел Президентінің саяси ерік-жігері. Елбасы әу бастан-ақ ел саясатының басымдығы ретінде бірлікті таңдады. Екіншісі - Президент құрған және уақыт өткен сайын жетіліп келе жатқан, этностарды бір халық ретінде біріктіріп, интеграцияны қамтамасыз ететін модель. Біздің Конституция - «Біз Қазақстан халқы» деп басталады. Бұл елдегі барлық азаматтардың ынтымақтарының іргетасы бола білді», - дейді Леонид Прокопенко.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары өз сөзінде осының арқасында Қазақстандағы барлық ұлттар интеграциялық стратегияны, тіршілік етудің интеграциялық моделін таңдап алғанын айтады.

«Этномәдени бірлестіктердің Қазақстан халқы Ассамблеясына бірігуі қуатты қоғамдық ресурс ретінде барлық ұлттық топтардың мүдделерінің аккумуляциясы бола білді. Сондықтан, мен Нұрсұлтан Назарбаевтың моделі - Қазақсан халқы Ассамблеясы этникалық топтардың құқықтары тұрғысында демократиялық стандарттарды қамтиды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 180 мыңға тарта неміс бар. Неміс этномәдени бірлестіктері белсенді түрде жұмыс жүргізуде. Президенттің тапсырмасы бойынша академиялық деген жоғары мәртебе берілген неміс драма театры да бар. Неміс газеті шығып тұр. Мемлекет неміс мәдениеті, дәстүрі мен тілінің дамуына барынша қолдау білдіріп келеді», - деді Леонид Прокопенко.

Соңғы жаңалықтар