Леонардо Ди Каприо жылдың үздік актері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Леонардо Ди Каприо «Аман қалған» («Выживший») фильміндегі рөлі үшін жылдың үздік актері атанған. Бұл картинадағы рөл үшін ол «Алтын глобусқа» ие болып, АҚШ киноакадемиясының «Оскар» сыйлығына аталым алған болатын.

Бри Ларсон мен Леонардо Ди Каприо жыл сайын актерлік шеберлік үшін берілетін SAG Awards наградасын алды, оны табыстау рәсімін TNT телеарнасы жүргізеді.

Бри Ларсонға жеңісті «Бөлме» фильміндегі рөлі әкелген. Бұл рөл сомдағаны үшін «Алтын глобусқа» ие болып, «Оскар» аталымын алған 26 жастағы актриса үшін SAG Awards-тағы бірінші аталып болы табылады.

Үздік актриса аталымы үшін сондай-ақ Кейт Бланшетт ("Кэрол"), Хелен Миррен ("Алтыны бар әйел"), Сирша Ронан ("Бруклин") және «Күлімдеп қайтып оралдым» фильмінде Лэйнидің рөлін ойнаған Сара Сильверман таласқан.

Киноактерлар гильдиясының нұсқасы бойынша ең үздік актер болып «Аман қалған» фильміндегі рөлі үшін Леонардо Ди Каприо танылды. Бұл оның бірінші жеңісі мен сыйлыққа тоғызыншы аталымы.

«Үздік актер» аталымында сондай-ақ Брайан Крэнстон, Джонни Депп және өткен жылдың жеңімпазы Эди Редмэйн ұсынылды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар