Ленин шахтасындағы апаттың себебі белгілі болды

None
ШАХТИНСК. ҚазАқпарат – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Ленин атындағы шахтадағы апаттың себебін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов Ленин а т ы ндағы шахтада болған апаттың себебін мәлім етті.

«Үшінші қараша күні сағат 03.03-те Ленин атындағы шахтада газды дренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде метан газы кенеттен тарап кетті. Апат кезінде шахтада жер астында 106 адам болған. Оның 101-і эвакуацияланды. 5 адам қайтыс болды, қазіргі уақытта төрт адам ауруханада жатыр. Қазір авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Біз қаза тапқандардың отбасыларына, кеншілеріміздің әріптестеріне көңіл айтамыз. Қаза тапқандардың, зардап шеккен шахтерлердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов.

Қазіргі уақытта жедел штаб кеңес өткізуде. Болған жағдайдың себептері мен мән-жайларын анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында 3 қарашаға қараған түні қайғылы оқиға орын алып, салдарынан 5 кенші қаза тапты.


Видеодан алынған кадр





Соңғы жаңалықтар