Ленин шахтасында қаза тапқандардың тізімі шықты

None
https://www.inform.kz/radmin/news/2022/11/03/221103133611708e.jpg
ШАХТИНСК. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімдігі Ленин атындағы шахтада қаза болғандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ленин атындағы шахтада қаза тапқандардың тізімі:

1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 8 жыл. Артында анасы қалды.

2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 21 жыл. Ата-анасы мен екі баласы қалды.

3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Марқұмның соңында әкесі, жұбайы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.

4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 8 жыл. Артында ата-анасы қалды.

5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Жұмыс өтілі - екі ай. Марқұмның артында әкесі қалды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде шахтад «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында апат болып, салдарынан 5 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Фото: shutterstock.com



Соңғы жаңалықтар