Леңгірдегі мектепте оқушылар мен ұстаздар иіс тиіп уланды

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Төлеби ауданында оқушылар мен ұстаздар жаппай иіс тиіп уланып, ауруханаға түскен. Леңгір қаласындағы мектепте орын алған жағдайдан кейін оқушылар жөтеліп, 711 оқушы мен 70 қызметкер сыртқа эвакуацияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төлеби ауданы әкімдігінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 12 қыркүйек күні Леңгір қаласындағы №7 жалпы орта мектебінде болған.
«Аталмыш мектептің А. есімді 10-сынып оқушысы жолдан белгісіз флакон тауып алып, сағат 10.37-де үзіліс уақытында тауып алған флаконды әтір деген оймен мектеп ғимаратының бірінші қабатындағы дәлізде сепкен. Салдарынан 26 оқушы, 2 мұғалім, 1 техникалық қызметкер Леңгір қалалық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі таңда оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығы дәрігерлер бақылауында. Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр» делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар