Леңгірде 4 адам газдан уланып көз жұмды

None
None
ЛЕҢГІР. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Төле би ауданында бірден 4 тұрғын газдың иісінен уланып көз жұмды. Бақилық болғандар көпқабатты үйдің екі пәтерінде тұрған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ТЖК ресми өкілінің мәліметінше, қайлығы жағдай Леңгір қаласында 1 наурыз күні сағат 18.00 шамасында болған.

«4 адам Леңгір қаласындағы төрт қабатты үйдің екі пәтерінде тұрған. Қазір қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатыр»,- делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар