+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

«Əлем аруы-2015» байқауында бағын сынайтын қазақстандық бойжеткен оған әзірлігі туралы айтып берді (ВИДЕО)

2015 жылғы 19 қараша 11:10
Бөлісіңіз:
«Əлем аруы-2015» байқауында бағын сынайтын қазақстандық бойжеткен оған әзірлігі туралы айтып берді (ВИДЕО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық ару Регина Вандышева Қытайда өтетін «Əлем аруы-2015» сұлулық байқауына қызу дайындық үстінде. Бұл туралы ол ҚазАқпарат агенттігіне айтып берді.

«Мен үшін елімді халықаралық додада таныстыру үлкен мəртебе. Қазір спорттық сайысқа, дефилеге, ұлттық киім байқауына дайындыққа барынша кірісіп жатырмын. Ұйымдастырушылар бір ай бойы қатысушыларды қатаң бақылайтын болады», - деді ол.

Қазақстанның ең əдемі аруы шығармашылық байқауға дайындап жатқан нөмірі туралы айтып берді.

«Контемпорари стилінде би дайындап жатырмын. Қазір шеберлігімді шыңдай түсу үшін жаттығу залында, кросс-фит, фитнес залда дайындалып жүрмін. Өзімнің демеушім Sherri Hill киімдерін киемін. Бірақ ұлттық нақышта дизайнер Аида Қауменованың тіккен көйлегімен шығамын»,- деді ол.

Жақында ғаламторда Регинаның əлемдік додаға дайындығы туралы бейнетаныстырылымы жарық көрді. Бейнероликте Регина Қазақстанның көркем жерлерін таныстырып, өзінің болашаққа деген жоспарымен бөлісті.

«Əлем аруы-2015» байқауы Қытайдың Хайнань аралында 19 желтоқсанда өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT