Le Figaro газеті: Қазақстан ұлттық вакцинасымен коронавирусқа қарсы науқанды бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан QazVac деп аталатын ұлттық вакцинасының көмегімен коронавирусқа қарсы вакцина науқанын бастады, ол қазіргі уақытта клиникалық сынақтың III сатысында тұр. Бұл туралы «Le Figaro» газетінің сайтында жарияланған мақалада айтылған.

«Ұлттық телеарнаның мәліметінше, бүкіл Қазақстан бойынша Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты әзірлеген екі дозалы вакцинаның 50 000 дозасы таратылған. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинаның алғашқы дозасын теледидардан тікелей эфирде салдырды.

Осыдан кейін А.Цой өзін «жақсы» сезінетінін мәлімдеді және үкімет Түркиямен көбірек жаңа партиялар шығару туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 вирусына қарсы өз вакцинасын жасаған әлемдегі «санаулы елдердің бірі» ретінде елдің ғылыми серпілісін атап өтті. Қазақстан өз аумағында «Спутник V» ресейлік вакцинасын өндіруді іске қосқан алғашқы шет мемлекет болды, ол осы уақытқа дейін оның коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқанында басым болды. А.Цойдың айтуынша, науқан басталғаннан бері ақпан айында Қазақстанда әрбір 20 адам вакцинацияланды. Ресми мәліметтерге сәйкес, 26 сәуірдегі жағдай бойынша, 19 миллионға жуық халқы бар елдің 309 мыңнан астам тұрғыны коронавирус жұқтырды, 3570 адам қайтыс болды. Қазақстан — көмірсутегі мен табиғи ресурстардың бай қорына ие Орталық Азиядағы ең ірі экономикалық ел.
Соңғы жаңалықтар