Лайым Қазақстанымыздың Тәуелсіздігі мәңгі болғай! - Түркиядағы қазақ қандастардың тілегі

None
None
СТАМБҰЛ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Бүгінгі Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы, тек елімізде ғана емес, бауырлас Түркия халқы, Түркияда мекен ететін қазақ қандастарымыз үшін де ерекше үлкен қуанышқа толы күндердің бірі.

Айтулы мерекеге байланысты Түркияның Мимар Синан университетінің профессоры, ғалым Әбдуақап Қара былай деп бөлісті: «Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған кезде батыстық кей мамандар Қазақстанның ішкі нәзік жағдайларына байланысты ұзаққа бармайтыны, өзін-өзі басқара алмайтыны туралы тұжырымдар жасаған еді. Бірақ олар қателесті. Мұны өткен 20 жыл дәлелдеп отыр. Қазақстан халықаралық көлемде аса маңызды жұмыстарды атқарды, беделді орынға ие болды. Ал тәуелсіздіктің 20 жылдығының Түркияда мерекеленуінің өзіндік мәні бар. Өйткені Қазақстанның Тәуелсіздігін бірінші таныған ел - Түркия. Сондықтан Түркия қазақтарының қуанышы ерекше. Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағанда Түркиялық қазақтар өлген әкесі тіріліп, өшкені жанғандай ерекше қуаныш сезімде болған еді. Лайым Қазақстанымыздың тәуелсіздігі мәңгілік болғай!»

Соңғы жаңалықтар