+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Лавров Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі табысты жұмысымен құттықтады

2019 жылғы 28 қаңтар 22:53
Бөлісіңіз:
Лавров Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі табысты жұмысымен құттықтады

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесуде Қазақстанды 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына тұрақты емес мүше ретінде табысты атсалысуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сізді Мәскеуде көргеніме қуаныштымын. Сізді, Бейбіт Бәкірұлы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалуыңызбен тағы да құттықтаймын», - деді С. Лавров қазақстандық елшіге.

Ресейлік министр екі елдің басшылары бекітетін келісімдер аясында Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын, стратегиялық серіктестігін нығайту жұмыстарын бірлесе жалғастыратындарына сенім білдірді.

«Сыртқы саяси үйлестіру туралы айта келе, қазақстандық әріптестерді 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына тұрақты емес мүше ретінде табысты атсалысуымен құттықтаймын. Сирия бойынша жоғары деңгейлі халықаралық кездесулерде достарымыздың көрсеткен көмегін жоғары бағалаймыз. Кезекті кездесу Астанада келесі айдың басында өтеді.

Қазақстанның Ақтау қаласында жиырма жылдық келіссөздерден кейін Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойылуымен де құттықтаймыз», - деп атап өтті Сергей Лавров.

Автор: Медет Ахметов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT