«Лаура» дауылы салдарынан Техас пен Луизианада жарты млн-нан астам адам көшірілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Американың Техас және Луизиана штаттарының билігі әзірге Мексика шығанағында болып жатқан «Лаура» дауылының жақындауына байланысты жарты миллионнан астам жергілікті адамды шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіруді бұйырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұйрық Техас қалаларындағы 420 мыңнан астам тұрғыны мен көршілес Луизианадағы тағы 200 мың адамға қатысты болып отыр.

Сейсенбі күні «Лаура» дауылы тропикалық құйынға айналған. Желдің жылдамдығы шамамен 33 м/с дейін күшейіп, тіпті одан да асып барады.

АҚШ-тың дауылдарды бақылау бойынша Ұлттық орталығының соңғы бағалауынша, «Лаура» Техас пен Луизиана жағалауына сәрсенбі күні кешке жетеді.


Соңғы жаңалықтар