«Лаура» дауылы: АҚШ-та 240 мыңнан астам адам электр жарығынсыз қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Лаура» дауылы салдарынан Американың Луизиана және Техас штаттарында 242 мыңнан астам адам электр жарығынсыз қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат СНН-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Дауыл салдарынан Луизианада 190 мыңнан астам адам және Техас штатында 52 мыңнан астам адам электр жарығынан қол үзді.

Саффир-Симпсон шкаласы бойынша төртінші категориялы «Лаура» дауылы Мексика шығанағының американдық жағалауында бейсенбі күні басталған. Ол солтүстікке қарай cағатына 24 шақырым жылдамдықпен бағыт алған, ал жылдамдығы - 66 м/с асып тұр.

Әдетте Атлантикадағы дауыл маусымы жарты жылға – маусым айының басынан қарашаның соңына дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар