кеше 16:35 Асқар Жақыпбаев ветеринариялық бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Асқар Шакенұлы Жақыпбаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет сайтына сілтеме жасап.
08.06.2023 18:38 Түркістан облысының Сайрам ауданына жаңа әкім тағайындалды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Сайрам ауданының әкімі лауазымына Арман Сәбитұлы Сәбитов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.06.2023 11:23 Айдос Хамиев Ақтөбе қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарады АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жүребеков кеше қызметінен кетті. Бұған дейін оның орынбасары болған Айдос Хамиев уақытша қала әкімінің міндетін атқарады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.06.2023 12:08 Жеңіс Әлімжан Ұлытау облыстық құрылыс-сәулет басқармасына басшы болды ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Ұлытау облысы әкімінің өкімімен Жеңіс Әлімжан Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 21:56 Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жаңа басшы келді АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына басшы тағайындалды. Бұл лауазымды облыс әкімінің өкімімен Нариман Биғали атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 12:02 Ардақ Тиес ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ардақ Сиязбекұлы Тиес берген өтінішіне сәйкес ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды.
01.06.2023 18:50 Мансұр Ошурбаев Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болды АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет қаулысымен Мансұр Тұрсынұлы Ошурбаев ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30.05.2023 15:38 Руслан Мұқанов Павлодардың Аққулы ауданына әкім болып тағайындалды АҚҚУЛЫ. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Аққулы ауданы активінің жиналысында өңір басшысы Асайын Байханов ауданның жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30.05.2023 09:25 Азық-түлікті ысырап қылған корпорация басшысы қызметінен босатылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында азық-түлікті ысырап қылған корпорация басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
29.05.2023 16:12 Алтай Рахымбетов «Алматы жылу желілері» кәсіпорнына бас директор болды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алтай Рахымбетов «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.05.2023 16:00 Сымбат Төретаев Маңғыстау облысының Қарақия ауданына әкім болды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін, 19 мамырда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Қарақия ауданының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Қыдырберді Бековтың орнына жаңа әкім лауазымына кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18.05.2023 18:05 Дәулет Бекманов Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов берген өтінішіне сәйкес ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17.05.2023 10:40 Алмас Батанов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Президент әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкіміммен Алмас Сұлтанұлы Батанов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2023 10:45 Қайрат Әбдіханов Солтүстік Қазақстан облысына прокурор болып тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокурордың 15 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12.05.2023 18:56 Ерлан Омарбеков Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі болды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12.05.2023 17:06 Атыраудың Исатай ауданына биылға екінші мәрте жаңа прокурор тағайындалды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Исатай ауданына жаңа прокурор тағайындалды. Бас прокурордың бұйрығымен бұл лауазымды Аслан Тұрғанов атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12.05.2023 15:45 Ғалия Тоқсейітова Алматы қалалық туризм басқармасына басшы болып тағайындалды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің өкімімен қалалық туризм басқармасының басшысы болып Ғалия Еланқызы Тоқсейітова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.05.2023 12:25 Қостанай облысы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков басқа өңірге ауыстырылады. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Facebook желісінде жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.05.2023 20:14 Махсудхан Аблазимов Қызылорда облысы полиция департаментін басқарады ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Қызылорда облысы ПД бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11.05.2023 19:40 Дастан Бөкешов - Ақмола облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жаңа басшысы КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Дастан Балтабайұлы Бөкешов Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.