Лауазымды тұлғалар танкіге ескі қозғалтқыш қою арқылы 1 млрд теңгені қолды қылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам қаражатты ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің баспасөз қызметі.

««Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам қаражат ұрлағаны анықталды. Ұрлық қосалқы бөлшектер құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін бұрын пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк шлемофондарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған. Тергеу барысында зауыт директорының бірінші орынбасары Сүлейменов Қ.Р. танкілерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына 1985-2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды» делінген хабарламада.

Семей қаласы сотының үкімімен Қ.Сүлейменов айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.



Соңғы жаңалықтар