+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Лауазымды тұлғалар бір қызметті 8 жылдан артық атқара алмайды

2020 жылғы 4 желтоқсан 08:47
Бөлісіңіз:
Лауазымды тұлғалар бір қызметті 8 жылдан артық атқара алмайды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бұдан былай лауазымды тұлғалар бір қызметті сегіз жылдан артық атқара алмайды. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін қағида талаптарына саяси қызметшілердің де ротациясы енгізіліп отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ерлан Ермаханбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзінше, саяси және «А» корпусының қызметшілері өз лауазымдарына тағайындалған күнінен бастап төрт жылдан кейін ротациялауға жатады.
«Бұл ретте, уәкілетті адамның (органның) шешімі бойынша мемлекеттік саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болу мерзімі екі жылға ұзартылуы мүмкін. Одан әрі осы мемлекеттік саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болу мерзімін ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімімен тағы екі жылға ұзартуға жол беріледі. Яғни, саяси және «А» корпусының қызметшісі бір лауазымды жалпы алғанда сегіз жылдан артық атқара алмайды. Айта кетсем, қазіргі таңда Түркістан облысында қызметтегі 6603 мемлекеттік қызметшінің 22-і саяси, 1 қызметші «А» корпусының қызметшісін құрайды», – деді Е.Ермаханбетов.
Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап әртүрлі өңірде, республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейтін облыс әкімдігінің басқарма басшыларын бір-бірінің орнына тағайындауға рұқсат беріледі. Бұл ретте, «Б» корпусының қызметшісі өз лауазымына тағайындалған күнінен бастап үш жылдан кейін ротацияланады. Кейін, қызметшінің лауазымында болу мерзімін Ұлттық комиссияның шешімімен одан әрі екі жылға ұзартуға жол беріледі. Айта кетерілігі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18% артқан.
Сондай-ақ, жиынға қатысқан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық филиалының директоры Жанат Момынқұлов мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
«Биыл Академияның облыстық филиалы Түркістан облыс әкімдігі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің қолдауымен 1532 мемлекеттік қызметшіні оқытты. Олар біліктіліктерін арттырып, қайта даярлау курстарынан өткен», – деді Ж.Момынқұлов.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT