Лауазымды тұлға пара алғаны үшін сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шахтинск қалалық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-б. (алаяқтық) 1-бөлім, 366-б. (пара алу) 2-бөлігіне сәйкес (қылмыс жасау) А. деген азаматқа қарсы қылмыстық істі қарады.

Ол лауазымды тұлға бола тұра делдал арқылы мердігер ұйымының директорынан Шахтинск қаласының кейбір үйлеріне жылу желілерін ағымдық жалғау, жөңдеу жұмыстарын жүргізуге ұтып алынған тендерден 10 пайыздық қайтарым түрінде қомақты сома пара алған.

Сөйтіп, А. орталық желілік құбырынан ММ ғимаратына ағымдық жалғау жөңдеу жұмыстарын жүргізуге жаңа қосымша келісімшарт жасаған. Өз еркімен қала әкімінің өкімімен жұмыстан босатылып, лауазымды тұлға болмай, өз әрекеттерінің заңсыздығын түсіне отыра, алдау жолымен және сенімді теріс пайдаланып, сол директордан қосымша келісімшартты құру бойынша жалпы сомадан 10 пайыздық қайтарым түрінде ақша алу қылмыстық ниетке барған.

Берілген заңсыз әрекеттерді тоқтату мақсатында мердігер ұйымының директоры Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне кінәлі тұлғаларға қатысты өтінішімен жүгінді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлері оны ұстады.

Сот үкімі бойынша А. меншігіндегі мүлкі тәркіленіп, жалпы тәртіптегі түзеу колониясында 3 жылға және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті лауазымды атқару құқығынан өмірлік айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Заңының 4б. 1б. 1п. «бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазасының өтелмеген бөлігінің жартысы қысқартылатыны» күшінде қалмақ.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар