Латын Америкасының бірқатар елі қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Латын Америкасының бірқатар елі қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізбек. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі брифингте Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Қайрат Саржанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз де білетіндей, 2016 жылдан бері Қазақстанның Бразилиямен визасыз режимі жұмыс істеп тұр. Сәл ертерек Аргентинамен визасыз режим жасалған. Сонымен қатар Қазақстан мен Колумбия, Эквадор арасында визасыз режім бар. Біздің дипломаттарымыз бен жекелеген мемлекеттік қызметшілеріміз Чилиге визасыз бара алады. 2017 жылы Чили Үкіметі қазақстандық азаматтар үшін туристік визаға консульдық алым алуды тоқтатты. Қазіргі уақытта азаматтарымыздың Перу, Уругвай және Венесуэлаға визасыз сапарлауы туралы келісімге қол жеткізу жөніндегі мәселелермен жұмыс істеп жатырмыз»,- деді Елші.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қазақстандықтар әлемнің 30 еліне визасыз сапар жасай алады. Мұнан бөлек, бүгінде Израиль, Таиланд, Фиджи және Макаомен визаны алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр. Ал Кубамен арадағы визасыз режим әлі күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар