+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Латын Америкасы мен Финляндияда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді

2020 жылғы 27 ақпан 11:15
Бөлісіңіз:
Латын Америкасы мен Финляндияда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді

САН-ПАУЛУ. ҚазАқпарат – Сәрсенбі Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа түрін (COVID-19) жұқтырған алғашқы жағдайды растады, деп хабарлайды Agencia Brasil агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында вирус жұқтырғандармен байланыста болған 82 адам карантинде жатыр Коронавирус: Маңғыстау облысында 17 блокпост қойылады Төтенше жағдай кезінде Петропавлдағы кәсіпорынның құрғақ таңғы асына сұраныс артты

Латын Америкасында коронавирусты алғаш жұқтырған бразиялиялық Сан-Паулу қаласының 61 жастағы тұрғыны. Агенттіктің мәліметінше, ол ақпанның 9-21 аралығында Италияның солтүстігіндегі Ломбардияда болған. Өткен жұма күні сапардан елге оралғаннан кейін одан коронавирус белгілері анықталған. Атап айтсақ, дене қызуы көтерілген, құрғақ жөтел, тамағы ауырып, тұмау болған. Сан-Паулу ауруханасында бірқатар тестілер тапсырғаннан кейін, нәтижесі вирустың бар екенін растаған.

Баспасөз конференциясы барысында Бразилияның Денсаулық сақтау министрі Луис Энрике Мандетта пациент өзін жақсы сезінетінін, үйінде болатынын хабарлады. Ол вирустың жазда тропикалық елде қалай өтетінін билік бақылап отыратынын айтты. Мандетта сондай-ақ елде вирустың таралуын тежеу шаралары туралы мәлім етті.

Сәрсенбі күні кешке Финляндияда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы туралы жарияланды. Helsinki Times-тың хабарлауынша, Финляндия тұрғыны жақында Италияның солтүстігіне жасаған сапарының нәтижесінде коронавирус жұқтырған.

Науқас Миланнан Хельсинкиге жексенбіде оралған, содан бері тек екі адаммен сөйлескен. Дәрігерлер олармен байланысқа шықты, бірақ әзірге екеуінде де вирустың белгісі жоқ.

Хельсинки ауруханасы жанындағы университеттінің мәліметінше, аталмыш жағдайда вирус жұқтыру қаупі өте төмен екені және бақылауда екені белгілі болды.

Коронавирус Еуропаға біртіндеп келіп жатыр. Алғашқы инфекция жұқтыру жағдайлары Аустрия мен Хорватияда, Норвегияда, Румынияда тіркелген. Германия тұрғынының COVID-2019 коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Еуропада ең алаңдатарлық жағдай Италияда болып отыр, онда 11 адам COVID-2019 вирусынан көз жұмған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT