Латын Америкасы елдері Қазақстанмен арада визасыз режим орнатпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанмен арада визасыз елдер тізімін кеңейтуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Визасыз режимге қатысты бізде арнайы жоспар бар. Жыл сайын бірнеше мемлекет енгізіліп отырады. Осы орайда еліміздің азаматтары шетелге визасыз сапарлауы үшін олардың жағдайын жақсартуға, аталған тізімді кеңейтуге тырысамыз. Бұл тұрғыда келіссөз жүргізу оңай емес, әр мемлекет өзінің көші-қон және басқа да заңнамасын қарастырады», - деді А.Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда әлемнің әр өңірімен келіссөз жүргізіліп жатқанын айтты.

«Мемлекеттермен уағдаластық жасалса, онда тисті құжаттарға қол қоюға тырысамыз. Келіссөздер жалғасып жатыр. Латын Америка елдері бұл бағытта ынтымақтастықты нығайтпақ. Өйткені бұл өңірге баратын қазақстандық туристер саны өсті. Сондықтан Латын Амрикасы елдерінің сыртқы істер министрліктерінің басшылығы бұл бағыттағы мәселелерді қарастыру өтінішін жасады. Былтыр бірқатар келісімге қол қойған едік және биыл біз осындай елдердің тізімін кеңейтпекпіз. Сонымен қатар, Араб елдері де осындай қарым-қатынастарды нағайтпақ», - деді ресми өкіл.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан визасыз елдер тізімін 80 мемлекетке дейін кеңейтті.


Соңғы жаңалықтар