+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Латын әліпбиіне көшуге үлкен дайындықпен келдік - Мәжіліс төрағасы

2017 жылғы 11 қыркүйек 11:03
Бөлісіңіз:
Латын әліпбиіне көшуге үлкен дайындықпен келдік  - Мәжіліс төрағасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ тілін жаңғыртудың басты көреткіші - ол латын жазуына көшу. Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдауда осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру - біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Сонымен бірге жаңа әліпби бүкіл әлем қазақтарын біріктіретін өте маңызды фактор. Елбасы айтқандай, балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және ол әлеммен бірлесуге, ұрпағымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін игеруге, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Ал қазақ тілін жаңғыртудың басты көреткіші - ол латын жазуына көшу. Айта кету керек, латын жазуы туралы бүгін ғана айтылып отырған жоқ. Президентіміз бұл жайында 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының он екінші сессиясында сөйлеген сөзінде және «Қазақстан 2050» Стратегиясында да айтқан болатын. Сонымен қатар Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» мақаласында латын жазуына көшудің нақты жолдарын белгілеп, тиісті шараларды қолға алу керек екенін жеткізді. Бұл қазіргі заманның талабы деп айтуға болады», - деп тоқталды Н. Нығматулин.

Осы орайда Мәжіліс төрағасы латын қарпінің ғылым мен техниканы дамытуда орны ерекше екенін атап өтті.

«Әрине, «біткен іске сыншы көп» дегендей, осы мәселеге байланысты бүгін айтылып жатқан пікірлер өте көп. Бірақ та еліміздің әрбір азаматы латын жазуына көшу әлемдік өркениетке жетудің басты жолы екенін білуі тиіс. Себебі латын жазуы адамзаттың дамуындағы мықты тілдердің бірі. Ол 21 ғасырдағы ғылым мен техниканың, интернет пен ІТ-технологиялардың тілі. Сондықтан біз осы өте жауапты кезеңге үлкен дайындықпен келдік деп айтуға болады. Өйткені көптеген жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде қазақ тілінің ықпалы күшейтіліп, қазақстандықтардың ағылшын тілін үйренуге де барлық жағдай жасалынды», - деді Нұрлан Нығматулин.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT