Латын әліпбиіне көшу: Оқушылардың ұсыныс-пікірлері жинастырылуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай ауданындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында латын әліпбиінің қолданысқа қаншалықты ыңғайлы екенін анықтау үшін 230 оқушы сынақ тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен шара қоғамдық пікірді зерттеу арқылы жаңа әліпбиді әзірлеу барысында туындаған мәселелердің шешімін анықтауға бағытталған.

Сынақ ережесіне сәйкес, оқушылар барлығы 6 сұраққа жауап беруі тиіс. Алты беттік жинақтың алғашқысында сынақ тапсырушы туралы мəліметтер толтырылады. Екінші-үшінші беттерінде латын əріптерімен жазылған қазақ тіліндегі сөздердің дұрыс нұсқасын таңдау, сондай-ақ кириллицамен жазылған қазақша сөздердің «дұрыс» жəне «ыңғайлы» нұсқаларын латын əріптерімен жазуы тиіс. Ал 4-5 беттерінде латын жəне кириллица əріптерімен сөйлем жазу жəне осы екі әліпбимен жазылған сөздердің дұрыс деген нұсқасын таңдау қажет. Соңғы - алтыншы бетте балалар өздерінің ескертпелері мен ұсыныстарын қалдыра алды.
null

Атап өтілгендей, оқушылар тапсырған сынақтың жауаптары жинастырылып, жаңа емле ережелерін әзірлеу барысында ғалымдар тарапынан ескерілетін болады.

Ұйымдастырушылар сынақ арқылы қазақ тіліндегі төл, кірме және шетел сөздерін латын әліпбиімен таңбалауда (орфограммалар) туындайтын кедергілер мен кемшіліктерді анықтауды көздеп отыр.

«Бастапқы сынақтың географиясы кең, осыған дейін Зерендіде демалып жатқан баларадан алдық. Енді «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан Қазақстанның түпкір-түпкірінен  келген 6, 7, 8 және 9-сынып оқушылары қатыстырылып отыр. Балалар ересектерден гөрі тез қабылдағыш. Сондықтан, алғашқы сынаманы балалардан бастап отырмыз. Келешекте барлық салалардағы қызметкерлерден, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерден де алатын боламыз. Сынама нәтижесінде алынған статистикалық әрі сапалық мәліметтер емле ережелерінің жалпыхалықтық қолдауға ие нұсқасын әзірлеуге септігін тигізеді», - деп атап өтті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов.

Айта кетейік, бұл шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, сынақты ұйымдастырушы мамандар арнайы қатысты. 

null

nullnull

Соңғы жаңалықтар