+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Латын әліпбиі бәсекеге әлдеқайда қабілетті - Ербол Тілешов

2019 жылғы 10 қазан 21:19
Бөлісіңіз:
Латын әліпбиі бәсекеге әлдеқайда қабілетті - Ербол Тілешов

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Латын әліпбиі бәсекеге әлдеқайда қабілетті. Бұл туралы Оралда өткен «LATYN FEST» жастар форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда тіл жанашырлары марапатталды Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне көшудің маңызын айтты 112 мың жамбылдық бір мезетте латын әліпбиінде диктант жазды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында таяу жылдары қазақ жазуын латын қарпіне көшірудің мән-маңызы айтылғаны мәлім.

Аталмыш жиында осы көкейкесті мәселе талқыланды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында қазақ тілінің мәртебесі арта түсетінін, болашақта ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналатынын атап өтті. Осы орайда қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру - рухани жаңаруды бекіте түсіп, ұлттық кодты сақтайтын аса маңызды міндеттің бірі», - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев.

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешев атап өткендей, латын әліпбиі дүние жүзіне кеңінен танымал.

«Әлемде қырыққа жуық әліпби бар. Осындағы кирилл әліпбиінің үлесі - 3 пайыз. Біз қазір осы азшылықтың ішіндеміз. Елдердің 36 пайызы латын қарпін қолданады. 200 млн-ға жуық түркі халқы болса, соның 55,6 пайызы латынға көшіп үлгерсе, 17,7 пайызы кирилше жазып оқиды. Ғылыми еңбектердің 77 пайызы латын негізді әліпбимен жазылады. Сондықтан латын әліпбиі кирилге қарағанда 250 есе бәсекеге қабілетті», - деді Ербол Тілешев.

Белгілі журналист, «Атырау» телеарнасының директоры Қанат Әуесбай латын қарпіне көшуді насихаттау керектігін, оның кезең-кезеңмен енгізіліп, бірнеше жылға созылатынын жеткізді.

Сондай-ақ саясаттанушы, журналист, қоғам белсендісі, «AmalBooks» баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай латын қарпіне көшудің ұтымды жолдарына тоқталды.

Форум барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға үлес қосып жүрген тіл жанашырлары Қазақстан Президентінің алғысхатымен марапатталды.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT