Латвия СІМ-нің басшысы: Шенген аймағы жойылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Егер жыл соңына дейін үшінші елдерден келіп жатқан босқындардың қарқынды және бақылауға жатқызылмайтын ағыны азаймаса, Шенген аймағының бұдан арғы қызметі туралы мәселе қойылуы тиіс, деп мәлімдеді LTV телеарнасының эфирінде Латвия елінің Сыртқы істер министрі Рихард Козловских, деп жазады РИА Новости.

«Адамдардың еркін қозғалуы тәрізді жетістік жойылуы мүмкін. Бұл біздің ешқайда бара алмайтынымызды білдірмейді, жағдай бұрынғыдай болады - шекаралық бақылау қалпына келтіріледі», - деді министр.

Frontex еуропалық шекаралық агенттігі жылдың бірінші он айында Еуроодаққа 1.2 миллионнан астам мигрант келгенін мәлімдеген. Еуроодақ әлемдегі қазіргі миграциялық дағдарыс - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бергі ең ірі дағдарыс екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар