Лас-Вегастағы атыста қаза тапқандардың саны 50-ге жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лас-Вегастағы казиноның маңында жексенбіден дүйсенбіге өтер түнде болған атыстың салдарынан 50-ден астам адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланған, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

«50 адам көз жұмған, жараланғандардың саны 200-ден асады», - деп мәлімдеді Лас-Вегас шерифі Джозеф Ломбардо.

Полиция берген мәліметтерге қарағанда оқ жаудырған адам - Невада штатының тұрғыны 64 жастағы Стивен Пэддок.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. «Премьер-министр: Ұлыбританияның ойлары Лас-Вегастағы қанды шабуылдың құрбандары мен оған тойтарыс берген жедел қызметтермен бірге», - делінген хабарламада.

3 

Сондай-ақ Селин Дион және Мэрайя Кэри сияқты танымал тұлғалар да қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

2 1  

Соңғы жаңалықтар