Лара Фабиан Димаш Құдайбергенді жеңісімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты әнші Лара Фабиа Facebook-тегі өзінің жеке ресми парақшасында Димаш Құдайбергенді қытайлық  «I am a singer»  теле-шоуының алтыншы кезеңіндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Adagio» әні құрлықты бағындыруда. Қытайлық «I am a singer» теле-шоуында тамаша өнер көрсеткен  Димаш Құдайбергенді құттықтаймын... », - деп жазды ол.

Димаш Құдайбергеннің ресми өкілі Алпамыс Шаримов өз қамқорлығындағы әншіге деген осындай ізгі тілекке қатты қуанып, Инстаграмда: «Батырды батыр ғана мойындайды. Рахмет. Лара Фабиан Димашты өзінің Фейсбуктегі ресми парақшасында құттықтады! Сөзім жоқ!» - деп жазды.

Соңғы жаңалықтар