Лаңкестік әрекетке қатысы бар күдікті Грекиядан Қазақстанға жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қазан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура қызметкерлері Дастан Хайсинді Грецияның Афина қаласынан Астанаға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дастан Хайсин - Қарағандының тумасы. Ол 2015 жылдан бастап Сирия аумағында террористік әрекетке қатысқаны үшін халықаралық іздеуде жүрген» делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Хайсинді құрықтау және кейіннен экстрадициялау қазақстандық арнайы қызметтер мен прокуратура органдарының Қазақстанның Грециядағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Грециялық серіктестермен бірге жүргізілген жұмыс нәтижесінде халықаралық іздеудегі күдікті қолға түсті. 

Бүгінде Д.Хайсин қамауда отыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар