Лаңкестер мен қарақшыларды халық қаһарманы деуге болмайды - Тоқаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында қаңтар трагедиясы кезінде бұзақылыққа раласқан азаматтар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұзақылар туралы мәселеге келсек. Кейбір адамдар жазықсыз азаматтарды еш себепсіз қамауға алды деп ойлайды да, осындай жалған ұрандарды ел ішінде таратады. Бірақ, мынаны ұмытпауымыз керек, солардың ішінде лаңкестер де, қылмыскерлер де бар. Қараңызшы, мыңдаған адам қаланы қиратып, нағыз террористік әрекеттерге барды. Бірақ, қазір бәрі жай ғана бейбіт азаматтар болып шықты. Бұған кім сенеді? Жалпы, лаңкестерді, қарақшыларды халық қаһармандары, батырлары деп айтуға болмайды. Бұл – ешқандай шындыққа келмейтін жалған уәж», - деді Президент.

Мемлекет басшысы болған істің ақиқатына көз жеткізбесе, мұндай қауіп қайталануы мүмкін екенін ескертті.

«Елімізге тағы бір үлкен қауіп төндіреміз. Бұл қарақшыларды Қазақстанға шақыру деген сөз. Сондықтан аталған мәселеде біз өте сақ болуымыз керек. Әрбір іс бойынша мұқият тергеу жүргізуіміз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар