Ләңгі тебу, ешкі сауу, қой қырқу: Ауыл жастары ерекше байқау өткізді

None
None
ШОЛАҚҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Созақ ауданында «Ауыл Games» байқауы өтті. Ауыл жастары ұлттық салтымыз бен ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды жаңғыртты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Созақ жастары» ресурстық орталығы мен Сызған ауыл округі әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған байқауда қатысушылар ләңгі тебу мен асық ату секілді ұлттық ойындар бойынша жарысты. Жігіттер қой жүнін қырқудан ептілік байқатса, қыз-келіншектер ешкі сауу мен самаурын қайнатудан, табаға нан пісіруден жарысты. 11 ауыл округінің жастары қатысқан байқауда белсенділік танытып, көзге түскен қатысушылар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. Оларға түрлі бағалы сыйлықтар табысталды.

null null null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар