Land Cruiser автомобилін айдап кеткен ер адам жарты сағаттан кейін ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағандыда «Toyota Land Cruiser» маркалы автомобильді айдап кеткен 37 жастағы ер адам қолға түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысы ІІД мәліметі бойынша, ішкі істер жедел қызметіне Қарағанды қаласы аудандарының бірінде «Toyota Land Cruiser» автошашинасын айдап кеткендігі туралы қоңырау шалынған. Осы хабарлама барлық жеке құрамға бағытталған. Оқиғаның ізі суымай  жарты сағаттан соң қаланың 37 жастағы тұрғыны ұсталған.

Аталған факті бойынша  ҚР ҚК-тің 200-бабы 3-бөлігі бойынша  сот алды тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар