Лахордағы операцияда полиция Пәкістанның бұрынғы премьер-министрінің 61 жақтасын ұстады

Фото:
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат - Сенбі күні Пәкістанның Пенджаб провинциясының полициясы Лахордағы Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі мен оппозициялық «Әділет қозғалысы» партиясының төрағасы Имран Ханның резиденциясының аумағынан партияның 61 белсендісін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Лахорда Имран Ханның резиденциясында 61 адам қамауға алынды», - деп хабарлады Reuters провинцияның полиция басшысы Усман Анварға сілтеме жасап.

18 наурыз күні таңертең полицейлер резиденцияға іргелес аумақта орналасқан оппозициялық партия жақтастары құрған шатырлы қалашықтарды жоюға кірісті. Оппозициялық партия белсенділері атыс қаруы мен молотов коктейльдерін қолданып, қарсылық көрсете бастады.

Полиция экс-премьердің резиденциясына апаратын қақпаны бұзу үшін бульдозерді пайдаланғаны атап өтілді. Тәртіп сақшылары Ханның үйінің маңында полицияға қарсы пайдалануға болатын қаражат пен материалдарды іздеп, кейін операцияны аяқтады.

Соңғы жаңалықтар