Лагерьде ішек ауруын жұқтырған 9 жасар қыз бала көз жұмды - Ақмола облысы

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Бурабай ауданындағы жазғы демалыс лагерьлерінің бірінде демалып жатқан 9 жасар қыз бала ішек жұқпалы ауруынан көз жұмды. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының басшысы Қайыр Әбдрахманов мәлім етті.

Оның айтуынша, марқұм болған қыз бала Қарағанды облысынан Бурабай ауданындағы Қатаркөлдегі балалар лагерінің біріне демалуға келген көрінеді. Осында ол асқынған ішек жұқпалы ауруын жұқтырып, кейін Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылған екен. Онда ем қонбаған соң кеше облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Өкінішке орай, мұнда да дәрігерлер баланың өмірі үшін қолдан келгенше күрескенімен еш нәтиже шықпады.

«Бала бізге өте ауыр жағдай жеткізілді. Асқынған ішек жұқпалы ауруы деген диагноз қойдық. Дерті асқынып кеткен. Ішкі құрылысы органдарының жұмысы өте нашарлаған. Қолдан келгенше баланың өмір сақтап қалуға тырыстық», - дейді Қ.Әбдрахманов.

Соңғы жаңалықтар