+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен Әнел Сытдықова Алматыға келді

2019 жылғы 26 тамыз 01:11
Бөлісіңіз:
Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен Әнел Сытдықова Алматыға келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ла-Манш бұғазын тұңғыш рет жүзіп өткен қазақстандық триатлоншы Әнел Сытдықова Қазақстанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Санаулы күн бұрын қазақстандық белгілі триатлоншы Әнел Сытдықова Ла-Манш бұғазын бағындырып, тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағын желбіреткен болатын. Әнел Францияның солтүстігі мен Британ аралдарының оңтүстік-шығысын жалғап жатқан Ла-Манш бұғазының 38 шақырымын 15 сағат 15 минутта гидрокостюм кимей жүзіп өтті. Бұғаз суының температурасы 15-16 градус екенін ескерсек, Әнелдің әрекеті - ерлікке пара-пар.



Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова былай деп өзінің жүрек жарды лебізін білдіріп, алғыс хат жолдады.

«Сіз ерекше дарыныңыз бен еңбекқорлығыңыздың, қайсар, өршіл мінезіңіз бен жеңіске деген құлшынысыңыздың арқасында Ұлыбритания мен Францияның жағалауына дейін созылып жатқан әйгілі Ла-Манш бұғазын жүзіп өтіп, әлемге халқымыздың өр рухын, намысын көрсете білдіңіз. Бұл - нағыз қайсар қазақ қызының биік белесі. Алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізіп, жаңа жеңістер мен жетістіктерді бағындыра беріңіз» делінген алғыс хатта.


Бүгін Алматы халықаралық әуежайында Әнел Сытдықованы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы қошеметпен қарсы алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Алматы, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT