Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен Астана әкімдігінің арасында дін саласында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір жылдың ішінде Астана әкімдігі халық арасында дінді түсіндіру бойынша 97 кездесу өткізіп, оларға 200 мыңнан астам адам тартылды. Бұл туралы бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Қазақстандағы діни ахуал: жастардың діни танымын арттыру мәселесіндегі ақпараттық-ағарту жұмыстарының рөлі» атты дөңгелек үстел отырысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева айтты.

«Бір жылдың ішінде Астана әкімдігі халық арасында дінді түсіндіру бойынша 97 кездесу өткізіп, оларға 200 мыңнан астам адам тартылды. Біз жасаған осындай ақпараттық-ағарту жұмыстары арқылы көптеген адам келешекте өзін жат діни ағымдардан қорғап қала алатындай білім жинады. Мұндай кездесулерге әсіресе жастар жағы белсене қатысатыны қуантады», - деп атап өтті А. Балаева.

Дөңгелек үстел барысында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Астана қаласы әкімдігінің арасында «Астана қаласында конфессияаралық келісімді нығайту, дін саласында ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізуде өзара ынтымақтастық» жөніндегі екіжақты меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар