Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлемдік үздік университеттер рейтингісінде 66 сатыға көтерілді

None
None
АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан ғылымы мен білімі үшін маңызды жаңалықтардың бірі орын алды. Әлем университеттерінің арасынан үздік университеттерді анықтайтын QS World University Rankings агенттігінің 2013/2014 рейтингісіне Қазақстандық жоғары оқу орындарының көшбасшысы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 66 сатыға көтеріліп 303 орынды иеленіп отыр. Бұл туралы аталған университеттің баспасөз қызметінен хабарланды.
Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ рейтингте 2009 жылдан бастап қатысып келеді. Сол бастамадан соң университет екі жыл қатарынын әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының ішінде көрінуде. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өткен жылы әлемнің ең үздік 400 университетінің қатарына кірсе, биыл елеулі серпіліс жасады. Осы көрсеткіштердің өзі отандық жоғары білім беру жүйесінің лайықты дамып отырғанын көрсетуде. QS World University Rankings агенттігі университеттердің рейтингтерін анықтау барысында жұмыс берушілердің пікірлері, қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми еңбектеріне сілтеме жасау көрсеткіштері, университетте жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы деңгейі ескеріледі. Сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамының студенттер санына қатынасы деңгейі, басқа елдерден келген оқытушылар мен студенттер үлесі де бағаланады. Әлемнің үздік университеттерінің үштігін Масачусетс технологиялық институты (АҚШ) бастап келеді, екінші орында Гарвард (АҚШ), ал үшінші орында Кембридж университеті (Ұлыбритания). «Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (IQAA-НКАОКО) ұлттық рейтингісіне сәйкес 1 орынды екі жыл қатарынан иеленді.
Соңғы жаңалықтар