Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да Қайым Насыри атындағы ғылыми-білім беру орталығы ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қайым Насыри институты» ғылыми-білім беру орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлады аталған ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

Шара Қазақстан мен Татарстан Үкіметтерінің арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени ынтымақтастық қағидалары сондай-ақ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Қазан федералдық университеті арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум аясында ашылғалы отыр.

Қазақстан Республикасында татар тілі мен мәдениетін қолдау, дәріптеу және дамыту мақсатында құрылған бұл орталық ҚФУ-дің Ресей және әлемнің басқа елдерінде құрып отырған «Қайым Насыри институты» орталықтары желісінің бөлігі болып табылады.

Қайым Насыри - татардың көрнекті этнограф ғалымы, әдебиетші, ХIХ ғасыр ағартушысы. Ғалымның есімі берілген институт татар мәдениеті мен білімінің дамуына үлкен үлес қосқан оның игі еңбегін жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Ортылықтың ашылуына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазан федералдық университеті және Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше өкілдігі ұйытқы болды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар