Қызымен ұрсып қалған елорда тұрғыны ол тұратын үйдің тас-талқанын шығармақ болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы тұрғын үйлердің біріне материалдық зиян келтірген қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 25 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны қызымен жанжалдасып қалғаннан кейін ол тұратын тұрғын үйдің лифтісінің панелі мен пошта жәшігін сындырған.

Ер адамның бұзақылық әрекеттері кіреберіске орнатылған бейнебақылау камерасының объективіне түскен.

Аталмыш факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына (ұсақ бұзақылық) сәйкес әкімшілік өндірістік іс қозғалды.

Сот шешімімен құқық бұзушы қамауға алынып, Әкімшілік жолмен қамауға алынған тұлғаларды ұстайтын арнайы қабылдау орнына орналастырылды.

Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзу және тұрғын үйдің ортақ мүлкін бүлдіру бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы еске салады.


Соңғы жаңалықтар