«Қызылжар» сауда-логистикалық хабы құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қойма және сауда алаңдарымен қамтамасыз ету үшін «Қызылжар» сауда-логистикалық хабы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстыру кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызметтік белсенділікті дамыту үшін елдің әкімшілік орталықтарымен байланысын қамтамасыз ету үшін авиарейстер саны айына 16-дан 68-ге дейін артады. Өңірде туристік әлеуетті күшейту және спортты дамыту мақсатында Имантау-Шалқар курорт аймағында көпфункционалды туристік кешен салу қамтамасыз етіледі. Бұл жылына 100 мыңнан 280 мың туристке дейін көбейтуді қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, 100 адамға арналған қонақ үйі бар спорт орталығының, сондай-ақ Петропавл қаласында 3 мың орынға көпфункционалды спорт сарайы салынады», - деді министр.

Бұдан басқа, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ бизнес субъектілеріне қажетті инфрақұрылымды жеткізу көзделген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды. Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 1,8 трлн теңге.


Соңғы жаңалықтар