«Қызылжар» премьер-лигадағы екінші жеңісінен кейін 5-орынға көтерілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 2-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» қабылдады.

Ойын барысында қызылордалық клуб сапынан Василий Совпель 4-минутта есеп ашты.

Оған «Атырау» командасынан Евгений Козлов 31, Игорь Стасевич 45-минутта екі голмен жауап қайырды.

Осылайша атыраулық ұжым қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Ал Петропавлдың «Қызылжары» екі ойын қатарынан 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл жолы олар Түркістан облысының «Мақтаралын» тізе бүктірді.

Аталған турда 9 наурызда сырт алаңда «Астана» «Жетісуды» 2:0, «Ордабасы» «Шахтерді» 4:1, «Қайрат» «Ақсуды» 3:1 есебімен сүріндірді.

Ал «Ақтөбе» өз алаңында «Оқжетпестен» 5:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, 10 наурызда «Тобыл» сырт алаңда «Каспийден» 1:0 есебімен жеңіп кетті.


Соңғы жаңалықтар